Білім

М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде “Жас сақшы” сыныбы ашылды

Арнайы кабинеттің ашылуына полиция департаментінің қызметкерлері, ардагерлер ұйымы, мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналар қатысты. Ведомство бастығы Айдын Қабдұлдинов “Жас сақшы” сыныбының болашақ полиция қызметкерлерін тәрбиелеудегі маңыздылығын айтты.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Осы іске үлес қосқан бар мамандарға рахметімді білдіремін.

“Жас сақшы” сыныбына 7-ші сыныпта оқитын 27 бала қабылданды.

“Жас сақшы” жобасы өңірде алғаш рет қолға алынып отыр. Басты мақсат – ұл-қыздарды отансүйгіштікке баулу. Арнайы сабақтар аптасына 1 рет 2 сағат өтеді. Әуелі балалар мектепте теориясын оқиды, сосын “Динамо” стадионына барып физикалық тұрғыда дайындалады.

РУСЛАН ТӘСІМОВ, СҚО ПД кадрлық саясат басқармасы бастығының орынбасары:

– Сабақты криминалистер, тергеу ісінің мамандары, тағы да басқалары осында келіп сабақ жүргізіді. Біздің мақсатым – келешек ұрпақты отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жас сақшылар полицейлердің дәрісін тыңдауға келгенде оларға арнап тігілген осы формамен келулері керек. Тіпті, сыныптың командирі де тағайындалған.

ӘЛИХАН АҚҰЛАЙ, М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің оқушысы:

– Мен сыныптың командирі болып тағайындалдым. Болашақта мемлекеттік қызметкер атанғым келеді.

Полицейлердің қызметтік киімін кию – балаларға мақтаныш, ал “Жас сақшы” сыныбы – болашаққа бағдар. Бұл келешекте шен таққан мамандардың қатарынан көрінгісі келген жастар үшін нағыз дайындық мектебі болмақ.

 

Мәдина Қаби