Бүгін «Ассамблея Жастары» ұйымының өңірлік өкілдігінің форумы өтті. Жиында белсенді жастар жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылап, жетістіктеріне тоқталды. Еріктілердің тасқынмен күресте сіңірген еңбектері өлшеусіз.
ДАРИҒА СМАИЛОВА, «Ассамблея Жастары» РҚБ СҚОФ жетекшісі:
– Осы форумда біз белсенділерді алғыс хатпен марапаттаймыз және 10 номинация бойынша атап өтеміз. + Біз 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз. Осындай форум өткізуді дәстүрге айналдырдық деуге болады.
АЖАР СЫЗДЫҚОВА, «Ассамблея Жастары» РҚБ СҚОФ белсенді мүшесі:
– “Ассамблея жастары” құрылған кездегі ең бірінші толқынымыз. Келіп отырған жастардың қатары қалың. Олардың осылай еріктілікпен айналысуға ниет білдіріп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатындарына қуаныштымын.
Данаш Хамза