Қуат Хайруллин қалалық Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол жақында ғана Алматы қаласында өткен “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық байқауының жеңімпазы атанды. 31 жылдық тәжірибесі бар ұстаз өз еңбегімен қазылар алқасын қайран қалдырған. Қуат Мансұрұлы қазақтың ұлттық ойындарын сабақ барысына кіріктіру туралы жоба жазған.
ҚУАТ ХАЙРУЛЛИН, “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық байқауының жеңімпазы:
– Қазіргі оқу бағдарламасында біздің қазақтың ұлттық ойындарына арнайы сағаттар берілген болатын. Сол сағат сандарына байланысты, еңбек тәжірибемде жинаған ойымды кітапшаға жазып шықтым.
Қуат Хайруллин өз жобасында асық атуға баса мән берген. Себебі, өзіме жақын спорт түрі әрі балалардың дамуына ықпал етеді дейді.
ҚУАТ ХАЙРУЛЛИН, “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық байқауының жеңімпазы:
– Негізі, өзіме жақын бағдарлама. Қосқан тақырыптарымның ең біріншісі – асық ату, бесасық ойыны.
Гүлшат Қалиева да осы байқауда үздіктердің қатарынан көрінгендердің бірі. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімін балалардың кітап оқуға қызығушылығының жоқтығы қынжылтады. Жазған жобасын да осы мәселеге арнапты.
ГҮЛШАТ ҚАЛИЕВА, “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық байқауының жеңімпазы:
– Өз жобамда балаларды кітап оқуға тарту тәсілдерін ұсындым. Мәселен, мен оқушыларыма түрлі жанрдағы мәтіндер беремін. Оны кітаптан оқып алады. Соның негізінде қойылым қоямыз немесе подкаст жазамыз. Осындай заманауи түрде ойластырылған 20-дан астам авторлық әдісім бар.
Жалпы, бәсі биік байқауға облыс атынан 9 ұстаз қатысқан. Оның 3-еуі бірінші орынға ие болса, 2-еуі екінші орыннан көрінді. Алтыншысы үшінші орын алса, жетінші педагог грамотамен марапатталған.
Мәдина Қаби