Уәлиханов ауданында әлеуметтік осал санаттағы 2 отбасы баспаналы болды. Қоныс иелеріне үй кілттері салтанаттары түрде табысталды.
72 шаршы метрден тұратын қос баспананы аудандағы кәсіпкер салған. Оларды жергілікті әкімдік сатып алып, үй кезегінде жылдап тұрған жандарға ұсынып отыр.
ЗӘУРЕШ АХМЕТОВА, Кішкенекөл ауылының тұрғыны, Уәлиханов ауданы:
– 10 жыл үй кезегінде тұрдым. Осындай қуаныш сыйлаған аудан әкіміне алғыс білдіремін. Баспанам өте әдемі, жылы екені бірден байқалады. Қуаныштымын!
Коммуналды-жалдамалы үйлер үшін әр тұрғын айына 16 мың теңгеге жуық төлем жасайды. Белгілі бір уақыт өткен соң мүлікті өз атына түсіре алады. Уәлиханов ауданында әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды баспанамен қамту жұмысы жалғасын таппақ.
Байболат Құлтанов