Құқық қорғау органдары

Полицейлер қыз-келіншектерге өзін-өзі қорғауды үйретіп жатыр

Күйеуі әйелін ұрып тастапты, жігіті көшеде тепкінің астына алған, автобуста біреу жұдырық жұмсаған. Теледидарды қоссаң, әлеуметтік желіні ашсаң, бұндай жағдайлар алдыңнан самсап шыға келеді. Қорғансыз әрі күші ер адамнан физикалық тұрғыда әлсіз келетін нәзікжандылар сонда өзін қалай қорғауы керек? Бұған полиция қызметкерлері кіріскен сыңайлы. «Айбын» өзін-өзі қорғау орталығының жаттықтырушылары, “Тұлға” орталығының мамандары мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері студент қыздардың басын қосып, біреу жұдырық жұмсағанда қарымта қайтару тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ, өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық қорғау әдістері туралы айтылды.

 

Данаш Хамза