МТРА жаңалықтары

Петропавлда якутиялық унтылардың жәрмеңкесі бастау алды

– Для рыбалки, для охоты подходят. Лёгкие. Это тоже оленина.

Теріскейдің сақылдаған сары аязына якутиялық унтылардың төтеп берері анық. Қалың, жайлы әрі жылы. Петропавлда бүгін бастау алған аяқ киімдер жәрмеңкесінде далада мал жайлайтын, аң аулап, балыққа баратын жандар үшін таптырмас дүние сатылып жатыр. Мұнда ерлерге де, әйелдерге де арналған үлгілер бар. Тауарға деген сұраныс жоғары. Меймандар жәрмеңкемен Қарағанды, Семей мен Қостанайда болған.

ЕЛЕНА КОСОЛАПОВА, менеджер:

– Қазір унтыға деген сұраныс аса жоғары. Өйткені, жылы, тайғанамайды, су өткізбейді, кемі 10 жыл кисең де тозбайды. Аяқ киімдер ұзын қонышты, орташа келгені, қысқасы да бар. Түр-түсі әртүрлі. Өнім сапалы, боялмаған. Тауардың бағасын бөліп төлеуге болады. Ақшалай төлесеңіз 10%-дық жеңілдікке ие боласыз. Жаңа жыл қарсаңында сатып алушыларымызға арнап осындай мүмкіндік жасап отырмыз.

Унтылардың барлығы табиғи материалдан қолмен тірілген. Жылдап киюге болады. Тіпті, бір сатып алған дүние 10-15 жылға дейін шыдас береді екен. Өлшемдері 36-дан басталып 43-ке дейін барады.

ПАВЕЛ НЕМЦУРОВ, директор:

– Унтыларды көбінесе ер адамдар алып жатыр. Бұл аяқ киімнің тағы бір ерекшелігі, қан айналымының жақсы жүруіне ықпал етеді. -50 градусқа дейін жылуын жоғалтпайды. Табаны киіз бен каучуктен қиылып жасалғандықтан тайғанамайды. Табаны қалың, 4 см-ге дейін жетеді. Ішінде қос ұлтарағы бар. Біреуі бірге тігілген, екіншісі алмалы-салмалы. Тігісі қосарланған.

Якутиялық унтылардың жәрмеңкесі желтоқсанның 27-сіне дейін жалғасады. Жәрмеңке Жамбыл Жабаев көшесі, 82А мекенжайындағы Теннис орталығының бірінші қабатында орналасқан.

 

Данаш Хамза