Жергілікті Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері өңірдегі үш тірек мектебінде болды. Смирнов мектеп-гимназиясы, Кәкімбек Салықов атындағы және №2 Бескөл орта мектептері биыл “Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту” жобасына енгізілген. Жоба аясында аталған білім ұялары Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының есебінен мектепалды даярлық кабинеттері, робототехника, мультимедиялық сыныптар, STEM-зертхана, сондай-ақ, физика және химия сабақтарына арналған зертханалармен жабдықталды. Облыс орталығынан барған білікті мамандар ауылдағы әріптестеріне заманауи құрал-жабдықтарды пайдалануды, оны білім беру процесіне интеграциялаудың әдістерін көрсетті. Сондай-ақ, критериалды бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.
ДАНИЯР УӘЛИЕВ, Химия-биология бағытындағы НЗМ директоры:
– Екі аптаның көлемінде облысымыздағы үш тірек мектепке барып қайттық. Бұл жерде семинар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырдық. Көбінесе бұл мектептердің сұрауы бойынша жүргізілді.
Данаш Хамза