Спорт

Теріскейлік каратешілер ҚР Кубогында топ жарды

Демалыс күндері Петропавлда жастар мен жасөспірімдер арасында мейбукан годзю-рю каратэ-додан ҚР Кубогы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген сен тұр, мен атайын дейтін спортшылар қатысты. Жарысқа барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Әр кездесу тартысты өтті. Сайыс нәтижесіне келер болсақ, жалпыкомандалық есепте солтүстікқазақстандық спортшылар бірінші орынға ие болып, тағы да бір өздерінің үздік екендерін дәлелдеді. Екінші орынды Алматы облысы иеленсе, үздік үштікті қостанайлықтар түйіндеді.