Еріктілер тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қолдарына ту ұстаған жалынды жастар Қазақстан Конституциясы көшесімен жүріп өтті. Осы арқылы олар ұлттық рәміздерді ұлықтап, тұрғындардың патриоттық сезімдерін оятты.
БЕКЗАТ ЛАТЫПОВА, “AMANAT” партиясы СҚОФ “Жастар рухы” жастар қанатының төрағасы:
– Акцияның мақсаты – тұрғындарды мерекемен құттықтау және олардың патриоттық сезімдерін ояту. Осы орайда барлығын мереке күнімен құттықтаймын.
Мәдина Қаби