90-шы жылдардың басында орманшыларға да оңай болған жоқ.
Қаржы тапшы, маман санаулы. Саланың осал тұсын бармен жамап-жасқап, бүкіл жұмысты өз күштерімен атқаруға тура келген. Исағали Бигелдинов “Аққайың” орман шаруашылығында 89-шы жылдан бері еңбек етеді. Ол кез әлі есімнен кетпейді дейді. Ағашқа дейін жиі ұрланған заманда аумақты жылқымен аралайтынбыз. Қазір техникадан түспейміз деп еске алды орманшы.
ИСАҒАЛИ БИГЕЛДИНОВ, “Аққайың” орман шаруашылығының орманшысы:
– Тәуелсіздік жылдары қаншама қиыншылық көрдік. Жарықты өзін уақытпен беретін. Шаруашылықта техника мүлдем болмады деп айтсам болады. Аумақты жылқымен аралайтынбыз.
Осы орман шаруашылығында Исағали Бейсембайұлының ұлы да еңбек етеді. Саланың жілігін шағып, майын ішкен маман – көпке үлгі.
Николай Панченко – Исағали Бигелдиновтің жас әріптесі. Орманшы – Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы. Осы ретте маған артылар жүк те салмақты әрі бойымды мақтаныш сезімі билейді дейді. Николай оқу орнын аяқтай салысымен осында жұмысқа орналасқан. Егемен Қазақстанмен бірге жетілген ол ел болашағы – білімді де жігерлі жастардың қолында дейді.
НИКОЛАЙ ПАНЧЕНКО, “Аққайың” орман шаруашылығының орманшысы:
– Еліміз жыл сайын қарқынды дамып келеді. Орман шаруашылығы саласына да зор көңіл бөлінуде. Жалақымыз жақсы. Жыл сайын өсіп жатыр. Орманшы болдағы мақсатым – адал қызмет етіп, адал табыс табу ғана емес, қоршаған ортаға деген қамқорлығымды көрсету. Себебі, табиғатты жаным сүйеді.
Еске сала кетейік, 91-ші жылдары өңіріміздегі барлық орман шаруашылықтарының аумағы 400 мың гектар ғана болса, қазір 550 мың гектар аумаққа дейін ұлғайған. Ал 33 жылдың ішінде орман мекемелерінде жұмыс істейтін адамдардың саны 500-ге дейін өскен.
Нұрасыл Ахмет