Облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Сағындыққызын өңірде ауылдардың азайып жатқандығы алаңдатады. Әсіресе, шекараға жақын орналасқан елді мекендердің жағдайы мүшкіл. Мәселен, Ақжар мен Уәлиханов аудандарында 2 жылдың ішінде 1 жарым мың адам көшіп кеткен. Бұл көшіп келушілерге қарағанда көп. Орынбасар Ысқақова осы мәселені шешу жолында Мәжіліс пен Сенатқа бірнеше депутаттық сауал жолдаған. Бұған қазір көңіл бөлмесек, кейін кеш болуы мүмкін дейді. “Мандат” бағдарламасында қазақ ауылдарының бүгінгі жағдайына тоқталған депутат түйткілді тиімді шешу мақсатында бірнеше нақты ұсыныс пен жыл бойы атқарған ілкімді істеріне тоқталды.