ТКШ

Халықты ауыз сумен қамту

Өңірде халықты ауыз сумен қамту қарқыны ұлғайып келеді. Маңызды мәселе «AMANAT» партиясы жанындағы өңірлік даму кеңесінде талқыланды. Аймақ басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаевтың сөзінше, облыста 2025 жылдың соңына дейін 40 елді мекенді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және 60 ауылда суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнату көзделген. Осы және басқа да мақсаттарға республикалық бюджеттен 33 млрд теңгеге 41 жоба ұсынылды. Құны 4 млрд теңге болатын 23 жобаға қолдау көрсетілді.

ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО әкімінің орынбасары:

– 2024 жылы сумен қамтамасыз ету және су тарту саласын дамытуға 22,7 млрд теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдар 10,9 млрд теңгеге 37 жобаны жүзеге асыруда. Су ресурстары комитетінің желісі бойынша 11,2 млрд теңгеге 9 топтық су құбырының құрылысы мен қайта жаңғырту жобалары іске асырылып жатыр. Жалпы, бұл жұмыстар 15,7 мың адамнан тұратын 108 елді мекенді қамтиды.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында таза ауыз су 505 ауылда бар. Онда шамамен 265 мың адам тұрады. Әлі де 13,5 мың жерлесіміз тіршілік көзіне қол жеткізе алмай отыр.

 

Байболат Құлтанов