Қоғам

Қаттай Кеншінбаевтің туғанына – 95 жыл

Қаттай Кеншінбаев 1929 жылы 17 желтоқсанда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы Томск зауытының тегістеу цехында бригадир қызметінен басталған. Кейін Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөліміне нұсқаушы, облыстық Су шаруашылығы мелиорация басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 25 жыл бойы Қаттай Кеншінбаев «Союзцелинвод» тресін басқарды.

МҰРАТ ЖАНТІЛЕУОВ, СҚО құрметті азаматы:

– Қазақстанға тың жерлерді игеруге көп адамдар келді. Жаңа совхоздар мен колхоздар бой көтерді және ішетін су мәселесі өткір тұрды. Ол кездері халық көбіне өзендер бойында тұратын, ал совхоздар орналасқан жерлерде су міндетті түрде тұзды болады. Су құбырларын тарту мәселесі өткір тұрды. Тың жерлерді игерген халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін топтық су құбырларын салу шешімі қабылданды. 1969 жылы Қаттай Бектасұлы «Союзцелинвод» тресін басқарып, барлық топтық су құбырларын пайдалану мен күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастырды.

Қаттай Кеншінбаев қаланың, облыстың, еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін “Еңбек” “Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі” ордендерімен, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталған. КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген гидротехник атағын алды.

ТЕМІРТАС АНАСОВ, Қаттай Кеншінбаевтің әріптесі:

– Қаттай Бектасұлы ағамызбен 80 жылдан бастап бірге қызмет еттік. Ол кісінің жүрегі үлкен. Қандай қиыншылықты көріп өскен адам ол. Өзінің өмірге деген құштарлығымен, талантымен осындай үлкен дәрежеге жетіп отыр.

Сонымен қатар, конференция қонақтары Қаттай Кеншінбаевтің құрметіне арналған көрмені тамашалады.

“Қызылжар” телеарнасы