МТРА жаңалықтары

«City Mall» сауда үйінде «Эталон меха» ішіктер жәрмеңкесі өтіп жатыр

Петропавлда, нақтырақ айтқанда, «City Mall» сауда үйінде Ресейдің Пятигорск қаласында тігілген сыртқы киімдердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда самсап тұрған ішіктер көздің жауын алады: көрікті, жылы әрі жұмсақ. “Эталон меха” жәрмеңкесінде жүзден астам үлгі ұсынылған. Ішік үлгілері кез келген жастағы нәзікжандыларға жараса кетеді. Қайсысын аламын деп күмілжісеңіз кәсіби мамандар келіп кеңесін береді, таңдауға көмектеседі.

ДМИТРИЙ КРЫГИН, «Эталон меха» сауда жәрмеңкесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Бізде қазір жаңажылдық жеңілдіктер қарастырылған. Кез келген ішікті 20 немесе 50%-ға дейін төмендеген бағамен сатып алуға болады. Сондай-ақ, тауар құнын 2 жыл процентсіз бөліп төлеуге мүмкіндігі де бар. Бізге қарай асығыңыз, жәрмеңке желтоқсанның 16-сына дейін жалғасады. Өлшемдер 38-ден 62-ге дейін. Талғамы жоғары деген қыз-келіншектерге де көңілден шығатын ішікті іздемей-ақ тауып береміз.

Мұндағы ішіктер өңделген күзен терісінен тігілген. Жылтырап тұр. Бір міні жоқ. Түстері де әр түрлі: ақ, қара, сұр, графит те бар.

ДМИТРИЙ КРЫГИН, «Эталон меха» сауда жәрмеңкесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Жәрмеңкеде ұсынылған үлгілердің саны көп: арасында автоледи де бар. Шыршаның бұтақтары сияқты қиюластырып және көлденеңінен тігілгендері де бар.

«Эталон меха» жәрмеңкесі «City Mall» сауда үйінің 3-ші қабатында орналасқан. Жәрмеңке таңғы сағат 10-нан кешкі 21.00-ға дейін жұмыс істейді.

 

Данаш Хамза