Экология

“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы интеллектуалды ойын

Әлемде жылына қанша миллион ағаш кесіледі? Жауап – 12 млн түп. Көп жерде кездесе бермейтін осындай қызықты сұрақтарды петропавлдық жастарға қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары қойды. Олар облыс орталығында интеллектуалды ойын өткізді.

МАКСИМ СИНЯКОВСКИЙ, студент:

– Достарымызбен басқа командаларға қарсы ойнаудамыз. Тақырып – “Қоршаған ортаның тазалығы”. Біз өмірімізді табиғатсыз елесете алмаймыз. Таза су, таза ауа керек. Сондықтан, оны қорғауға жан-жақты күш салуымыз қажет. Қазір техникалардың кесірінен атмосфера ластанып жатыр деп ойлаймын. Бұған тосқауыл қою керек.

“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы интеллектуалды ойын С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті. Оған қалалық колледждерден келген 3 команда қатысты.

ОКСАНА ГОНЧАРЕНКО, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

– Ойын 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде жастар экранда көрсетілген сұрақтардың жауабын тапса, екіншісінде қоршаған ортаға байланысты сөйлемдер құрады. Ал үшіншісі кезеңде капитандар білімдері мен алғырлық қасиеттерін сынайды.

Көңілді ойын қызықты сұрақтардан тұрғанымен тәрбиелік мәні зор. Мұндағы әр студент шара арқылы ойына жақсы дүние түйіп алады.