Аптадағы маңызды жаңалықтар

Агроөнеркәсіптің даму перспективаларын нығайту ғылыми-технологиялық сессиясы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған Қазақстандағы алғашқы ғылыми-технологиялық сессия өтті Бұл сыңды іс-шара елімізде алғаш ұйымдастырылып отыр. Жиынға еліміздің агроөнеркәсіп, технология саласының ғалымдары, Қытай, Германия сыңды елдің өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар еліміздегі агроөнеркісіп саласындағы жаңашылдықтар мен технологияларды қолдану бойынша сөз қозғады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бұл – маңызды шара, бүгін 65 жетекші ғалым мен 20-ға жуық табысты фермерлер мен кәсіпкерлерді жинды. Барлығымыз жаңа технологиялар мен ғылыми жобаларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығын дамытуды көздейміз. Барлықтарыңызға біздің облысымыздың ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жасап жатқандарыңызға алғысымды білдіремін. Ғылым және жоғары білім министрлігі осы сынды шараларды қолдап келеді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі оларды бұл бағытта қолдап келеді. Біздің өңір еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлесін қосып келе жатқанын барлығымыз білеміз. Биылғы жылы соңғы 13 жылдағы рекордтық көрсеткіш көрсеттік. Әр гектар жерден 18,6 га өнім алынды. Бұл тұқымдардың дамуы, егістік салудағы жаңа технологияларды қолдану мен шаруалардың қажырлы еңбегінің арқасында жасалды.

Сессияның негізгі мақсаты – агросектордың проблемаларын бірлесіп талқылау және инновацияларды енгізіп, саланың тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді іздеу болды. Ел Президенті бұған дейін аграрлық ғылымның маңыздылығын атап өткен болатын және бұл кездесу оның нұсқауларын жүзеге асырудың қисынды жалғасы болды. Ғалымдар мен кәсіпкерлер ауылшаруашылық кәсіпорындарының өнімділігін арттыру үшін өз идеяларын ұсынды. Қатысушылар агросекторды сапалы жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін жаңа технологияларды белсенді талқылады.

ОЛЬГА ХУНГЕР, Герман-Қазақстандық аграрлық-саяси диалог жобасының жетекшісі:

– Герман-Қазақстандық аграрлық-саяси диалог жобасы 2009 жылдан бастап жұмыс жасап тұр. Жоба германдық ауыл шаруашылығы министрлігімен қаржыландырылады. Жоба екі мемлекеттің Ауыл шаруашылығы министрлігінің деңгейінде жұмыс істейді. Жобаның басты мақсаты – аграрлық саланың дамуы үшін жағдай жасау. Сондай-ақ, жобаның басты аспектілерінің бірі болып, ғылыми мекемелермен, консультациялық органдармен қарым-қатынысты нығайту болып табылады. Біз бірнеше жыл бойы Қозыбаев университетімен арганикалық ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс жасап келеміз. Бұл сала бойынша оқытушыларға сабақ бердік.

Агрохакатон шеңберінде саланың негізгі проблемалары анықталды, оларды шешу үшін басым бағыттар белгіленді және одан әрі зерттеу үшін міндеттер қалыптастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар «Зенченко және К», «Авагро» ЖШС, «Радуга» ЖШС өндірістік алаңдарына барып, жұмыс барысымен танысатын болады. Қатысушылардың арасында Семей қаласының Шәкәрім университетінің, иновацияны дамыту орталығының жетекшісі Әділет Сүгірбай да бар. Ол ауыл шаруашылығын дамыту бойынша Абай облысында атқарылып жатқан жаңа технологияларға тоқталды.

ӘДІЛЕТ СҮГІРБАЙ, Шәкәрім университеті инновацияны дамыту орталығының жетекшісі:

– Негізгі, өзімнің ғылыми жұмыстарым бар, әрине. Өзім инженер болғандықтан Қытайда оқып келдік докторантураны, қазіргі уақытта картоп отырғызатын машина және көшет отырғызатын машина, бидай арпа жүгері отырғызатын машиналарды жасаумен айналысамыз. Сонымен қатар, әрине, қызық қой бізге, фермерлер қандай мәселелермен кездеседі, қандай жұмыстармен айналысқысы келеді. Біздің де бір ғылыми жұмыспен айналысқымыз келсе біздің де ғылыми жұмыстарымыз негізделген болуы керек.

Бұл іс-шара бірнеше күнге арналған. Еліміздің бірнеше облысынан келген ғалымдар ауыл шаруашылығымен жақын танысып, дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісетін болады.

“Первый Северный” телеарнасы