Қоғам

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне мүшелік етуге құжат қабылдау бастау алды

Облыста кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелігіне кандидаттардан өтінімдер қабылдау басталды. Аталған бірлестік 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр 4 жыл сайын жаңарып отырады. Соңғы өзгеріске сәйкес, енді арнайы топ салалық кеңес, қауымдастық мүшелері мен палатаның аудандық өкілдерінен жасақталмақ. Бұл түрлі бағыттағы мәселелердің ескерусіз қалмауына, жан-жақты қаралуына және тиісті органдарға жетуіне оң әсер етеді деген болжам бар. Өтінімдер желтоқсанның 24-ші жұлдызына дейін қаралады. Ал кандидаттарды сайлау 20-22-ші қаңтар аралығында ұйымдастырылады.

 

Мәдина Қаби