Солтүстікқазақстандық жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі Самат Жантасов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. 15 елдің өкілдері бақ сынаған дүбірлі дода 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Польшада өтті. Білекті жерлесіміз 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол бельгиялық, үндістандық және испаниялық спортшыларға қарсы үш кездесу өткізді. Елге оралған 38 жастағы чемпионды өңірдің бас полицейі Айдын Қабдұлдинов қабылдап, жарқын жеңісімен құттықтады.
Байболат Құлтанов