ТЖ

Тимирязев ауданында 1 тонна жанар-жағармай жанып кетті

Оқиға Ақсуат ауылында түнде болған. Дизель отыны толы бөшке елдімекендегі элеватор аумағында тұрған. Бөшкенің неден жанғаны әлі белгісіз. Анықталып жатыр. От 20 шаршы метр жерді шарпыды. Ешкім жарақат алған жоқ.

М.Әуезов көшесіндегі өрт шыққан үйдің пеші дұрыс болмаған.

Сенбі күні Петропавлда жер үй жанып кетті. Әуезов көшесінде орналасқан баспананың бір жағы түгел қирап, екінші бөлігі ішінара зақымдалған. Төбесі бүлінген. От 144 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себебі – пеш дұрыс салынбаған. Ешкім жарақат алған жоқ.

Ж.Жабаев көшесіндегі үйдегі өрттің шығу себебі: сымның қысқа тұйықталуы.

Петропавлда сенбі күні тағы бір өрт тіркелді. Ж.Жабаев көшесіндегі 16 пәтерлік үйде қызыл жалын жертөлені шарпыған. Өрттің шығу себебі – сымның қысқа тұйықталуы. Оқиға орнына дереу жеткен мамандар 15 адамды эвакуациялады. Оның үшеуі – бала. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 26 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.