Құқық қорғау органдары

Петропавлда есірткі сатумен айналысқан түркістандық ағайындылар ұсталды

Петропавлда есірткі сатты деген күдікпен екі түркістандық жігіт ұсталды.
Олар есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде буып-түюші болып жұмыс істеген. Екеуі – 20 және 22 жастағы ағалы-інілі жігіттер.

– Видим: в кармане обнаружены два вместе склеенных свёртка, один синего, в изоленте синего цвета, другой в изоленте серого цвета.

Полиция қызметкерлері ағайындылар тұрған жалдамалы пәтерден есірткіге ұқсас зат пен есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған құрылғылар тапқан. Сонымен қатар, жігіттердің біреуі нұсқаған жерден осындай түйіншектер салынған пакет пен жолқапшық тәркіленді.

Видим, что снегом припорошило рюкзак.

РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

– Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1 келі 418,54 грамды құрады. Сараптама нәтижесінде оның α-PvP және мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Ағайынды екеуі 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

 

Мәдина Қаби