Спорт

Ертең Наталья Богданова Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады

Петропавлдық Наталья Богданова Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады. Ол 70 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда жеңіске жетті. Бұл сында үкілеп топқа қосқан үмітіміз украиналық спортшыны 5:0 есебімен жеңді. Қарсылас – Әлем чемпионатының жүлдегері. Дастан Қабденовтың қоластында жаттығатын жерлесіміз азулы боксшының атақ-даңқына қарамады. 2-ші және 3-ші раундта айқын басымдық көрсетті.

ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, Наталья Богданованың жеке бапкері:

– Келесі кездесуде Наталья Тайланд елінің боксшысымен күш сынасады. Жергілікті спортшы. Олимпиадаға қатысқан. Финал ертең Қазақстанның уақытымен 3-4 кезінде болады.

 

Байболат Құлтанов