Жанжалқойлардың жыры таусылар емес. Облыста “102”-ге күнде 2-3 шақырту келіп түседі. Көбі ішіп алғандықтан есінен айырылады: ашуға беріледі, жақынына жұдырық ала жөнеледі, аузына келгенін сөйлейді. «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында полиция қызметкерлері отбасының берекесін қашыратын жандарды ерекше назарға алған.
ӘСИЯ ӘБЖАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Акция барысында отбасылық жанжала бойынша 106 қорғау ұйғарымы шығарылды. Сондай-ақ, сотпен құқық бұзушыларға мінез-құлқына қатысты 20-дан астам ерекше талап қойылды. Олардың барлығына алкогольдік ішімдікті пайдалануға тыйым салынды.
Аталған акция өңірде қараша айынан бері жүріп жатыр. Мамандар соңғы 10 күннің ішінде 100-ден астам отбасылық жанжалқойды жауапқа тартқан. Сондай-ақ, мамандар тұрғындарға тиісті заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді.
ЕРЛАН НОҒҰРБЕКОВ, №14 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы:
– 16 маусымда заңнамаға енген өзгерістерге сәйкес аталған заңнама қатаңдатылды, яғни енді жанжалқой жасалған құқық бұзушылық үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу немесе түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін.
Мәдина Қаби