Петропавлда жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің 10-шы мерейтойлық маусымы бастау алды. Оған осы жолы 23 студент қатысуға өтінім білдірген. Алты жыл бұрын құрылған ұйымда 130-дан астам студент білім алған және олардың 15%-ы оқуын аяқтағаннан кейін мансабын мемлекеттік қызметтен бастаған. Мақсат Ашу жергілікті университетте “Тарих” мамандығына 4-ші курста оқиды. Келешекте мемлекеттік қызметкер атанғысы келеді.
МАҚСАТ АШУ, студент:
– Бізде университетте 1-2 ай бұрын мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерді қабылдау бойынша таныстыру жұмысы өткен болатын.
Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде сабақтар аптасына бір рет және бір сағат көлемінде өтеді. Бұл студенттердің университеттегі оқуына еш кедергі келтірмейді. Мемлекеттік қызмет саласында талай жыл тер төккен тәжірибелі ардагер Ескендір Елеусізовтің айтуынша бұл мектептің жастарға бағыт-бағдар беруде көмегі зор.
ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Біз мемлеттік қызметкерлерді таңдап алу үшін осы іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Біздің жоба ірі жобалардың бірі болып табылады.
Студенттер эссе жазып, бағын сынады. Тақырып – Ауыл шаруашылығы мен индстурия. Сыннан сүрінбей өткендер келесі тапсырмаларды орындайды.
АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының кабинет меңгерушісі:
– Біздің мектебімізде оқу 4 кезеңнен тұрады. Біріншісі, ол – эссе. Екіншісі, өндірістік практика және оқу.
Аталған мектеп түлектеріне оқыту курсы аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасарда қосымша құжат ретінде пайдалануға болатын сертификат беріледі.
Мәдина Қаби