Мәдениет

Қазақ театрында “Шырайлы мекен” спектаклінің премьерасы өтті

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында лирикалық драмалық қойылымының премьерасы өтті. “Шырайлы мекен” атты спектакль А.Ишбулдинаның “На кисельном берегу» лирикалық комедиясының желісімен жазылған. Туындының қоюшы-режиссері – Думан Адыкенов.

ДУМАН АДЫКЕНОВ, “Шырайлы мекен” лирикалық драмасының қоюшы-режиссері:

– Біз бір ай бойы дайындалдық. Жалпы, қойылым толықтай ауылдың тіршілігі жайлы.

Үлгі деген ауыл. Кезінде аты шығып, дүркіреген елді мекеннен бәрі көшіп, ақыр соңында 8-ақ адам қалады. Оның дені – аға буын өкілдері. Не дұрыс жарығы жоқ, не жолы, одан қалса мүлдем байланыс ұстамайтын ауыл аудан орталығынан алыс орналасқан. Ауылдан біреу сапарға шықса, барлығы керек-жарағын соған тапсырыс беріп алдыртады.

Ауылда қалған азғантай ағайын бір-біріне туыс сияқты боп кеткен. Жаманын жасырып, жақсысын асырады. Тіпті, әжелеп әскерден қашып келген жігітті шендіден жасыруға тырысады.

Сахна төрінде – 9 актер. 9-ызының да сомдап жатқан рөлдері негізгі болып саналады. Театр ұжымына биыл қосылған жас актриса Гүлсім Тайжан бүгін – жалғызбасты әженің образында.

ГҮЛСІМ ТАЙЖАН, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актрисасы:

– Ауылда әжелер болады. Біз бірігіп ауылдағы мәселерді шешкіміз келеді. Олар – жаңағы, жолды дұрыстау сияқтылар.

Ақыр соңында ауылда қалған 8 тұрғын да қалаға көшіп кетеді. Бұрын берекесі асып-тасыған ауыл қаңырап қалады. Сахнада қойылған спектакльдің астарында қазіргі қазақ ауылдарының күйі көрсетілген.