Білім

Интернат тәрбиешілеріне арналған семинар

Интернатта оқитын оқушылар үшін тәрбиешінің орны бөлек. Олар үйінен жырақта жүрген балаларды тәрбиелеуге өзінің айтарлықтай үлесін қосады. Сол себепті, аталған жандардың білімді әрі білікті болғаны маңызды. Назарбаев Зияткерлік мектебінде өңірдегі интернат тәрбиешілеріне арналған семинар өтті.

БАҚЫТ НҰРЫШЕВА, Химия-биология бағытындағы НЗМ-ның интернат меңгерушісі:

– Семинарда өзекті деген тақырыптарды қарастырдық. Жиында оқушыларды республикалық ғылыми жобалар конкурстарына дайындау, тәрбиешілердің жұмысына “Lesson Study” технологиясын енгізу және волонтерлік бастамалар мен балалардың өзін-өзі басқару ұйымын құру туралы айтылды.

Маңызды шараға тәжірибе жинап, білімін арттыруға ниетті 30-ға жуық маман қатысты. Семинарда оқушыларға көрсетілетін қолдау жайлы және ұл-қыздардың жүріс-тұрысына қатысты қағидалар туралы айтылды. Эльвира Шалдықова Соколов арнайы мектеп-интернатынатында 10 жыл еңбек етуде. Тәрбиеші маманның айтуынша мұндай шаралардың берері мол.

ЭЛЬВИРА ШАЛДЫҚОВА, Соколов арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі:

– Семинарда бізге бәрі ұнады. Мұндай іс-шаралар жиі өткізілгені жөн. Біз үшін бәрі қызықты болды. Балалармен бірге жобалар жазып, кәсібилігімізді арттыра аламыз.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі семинар интернаттар арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайту алаңына айналды.

 

Мәдина Қаби