Құқық қорғау органдары

Заң бұзған полиция қызметкерінің тікелей басшысы лауазымынан айырылады

– Довожу до вас, что МВД заняло очень жёсткую и принципиальную позицию в отношении нарушителей закона. В случае задержания сотрудника за совершение преступления его непосредственный руководитель будет освобождаться от занимаемой должности и будет начинать свою карьеру заново с самых низов.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов аяғын шалыс басқан тәртіп сақшысына қатысты қолданылатын жауапкершілік туралы еске салып жатыр. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, бір шендінің өрескел әрекеті тұтас бір құрылымының абыройын айрандай төгеді. Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселесі талқыланды. Айдын Қабдұлдинов полиция жұмысы әр заңбұзушының мәртебесі мен лауазымына қарамастан жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Будем определять роль и ответственность каждого, кто находился рядом, не видел, не замечал, или покрывал нарушителя. В ходе служебного расследования будем выяснять отношение его напарников.

Полиция қызметкері тарапынан құқыққа қайшы әрекет байқасаңыз, жеке қауіпсіздік бөлімшелеріне немесе ІІМ-нің «1402» бірыңғай сенім телефонына хабарлау қажет.

 

Данаш Хамза