Мистер және Мисс волонтер. Атауы да, заты да ерекше шара креатив орталығында өтті. Кім көп жұмыс істеді, оның өзін сапалы атқарды ма, қайырымдылық жолында жастарды топтастыра алды ма, ұйымшылдық қабілеті бар ма? Қойылатып талап баршылық. Волонтер болу оңай емес. Бұны еріктілікпен 6 жыл айналысып келе жатқан Саяжан Қалиева жақсы біледі. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті волонтерліктің мен үшін мәні зор дейді.
САЯЖАН ҚАЛИЕВА, волонтер:
– Волонтерство мен үшін мамандық сияқты. Біздің колледжде “Искорки” деген волонтерлік қозғалыс бар. Оның құрылғанына 10 жылдан асты. Біз колледждің еріктілерімен бірге әр түрлі мекемелерге барамыз: қариялар үйі, балалар үйі, ерекше жандарға көмектесеміз. Су тасқыны кезінде біраз еңбек етті.
Байқау желтоқсанның 5-сі күні аталып өтілетін Халықаралық волонтер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Әуелде 30-дан астам ерікті қатысуға ниет білдірген, соның ішінен 16-сы таңдалып алынған. Екеуі белгілі бір себеппен қатысудан бас тартқан.
Бүгін бір оқу орнының намысын қос волонтер қорғап жатса, Есіл ауданынан тіпті 4 ерікті келген.
ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
– Конкурстың бірінші туры – таныстыру. Әр волонтер өзінің кім екенін, қайда оқитынын немесе немен щұғылданатынын, атқарған жұмыстарын баяндайды. Екіншісі – шығармашылық бөлім, яғни әрқайсысы өз өнерін көрсетеді. Одан кейін – сұрақ-жауап. Соңғысы – ситуациялық жағдай.
Ұйымдастырушылар әзірлеген сыннан сүрінбей өткен волонтерлер – Мұрат Айтқожин атындағы орта мектебінің мектебінің 9-сынып оқушысы Ибрагим Зайнутдинов пен Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Амина Головина. Екеуі де ең жас волонтерлер және тасқын кезінде аса белсенділік танытқан. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық қарастырылған. Бас жүлде – 50 мың теңге.
Мәдина Қаби