М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде «Жас сақшы» клубы құрылған. Тәртіп сақшылары оның мүшелерімен кездесті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша мұндай ұйымның жастардың мамандық таңдауына бағыт-бағдар сілтеуде маңызы зор.
АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:
– Уақыт тез өтеді ғой. Бүгін балаларыңыз 7-ші сынып болса, ертең 11-ші сынып бітіріп жатады. Осы «Жас сақшы» класында оқып шыққан соң, егер аяқтайтын болса, жаңа видеода көрсетті ғой. Біздің жоғары білім беретін академияларымыз бар: Қарағанды академиясы, Алматы академиясы.
Жас сақшылар, әзірге, полиция қызметінің қыр-сырымен танысып жатыр. Жуырда тәртіп сақшыларының музейінде болған. Жедел басқару орталығын да тамашалапты. Балалардың экскурсиядан алған әсері мол.
АНЕЛЯ ХАМЗИНА, М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің оқушысы:
– Мен келешекте осы «Жас сақшы» клубына ары қарай қатысып, өз мамандығымды таңдағанда маған осы «Жас сақшы» клубы көмектеседі деген ойдамын.
Полиция қызметкерлері “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамында жас сақшыларға арнап спорттық секция ашуды жоспарлап отыр.
Данаш Хамза