Мандат

Алтын Сағитова: Сайлаушылардың сенімін ақтау – парыз

The YouTube ID of 9Vjg7VhSn5Y?si=zGefah9PZEJl84yp is invalid.

Жуырда Мамлют аудандық мәслихатының депутаты Алтын Сағитоваға 60 жас шамасындағы ауыл тұрғыны жолыққан. Жүруі қиындап, таяқ ұстаған ер адам мүгедектік алу үшін тиісті органға өтінім жолдаған. Бірақ, өтінімі себебі түсіндірілместен мақұлданбапты. Дел-сал күйге түскен азамат көмек іздеп депутатқа жүгінеді. Алтын Дәскенқызы мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында тиісті органға депутаттық сауал жолдаған екен. Нәтижесі таяу арада белгілі болады. Халық қалаулысы “Мандат” бағдарламасында депутаттық қызметі, тұрғындарды толғандыратын және өзін алаңдататын қоғамдық мәселелерге тоқталды.