Петропавлда кәмелетке толмағандар арасындағы буллингке және кибербуллингке қатысты облыстық байқау өтті. Буллинг қазір қоғамда жиі кездесетін құбылысқа айналды. Адамға моральдық тұрғыда қысым көрсетудің салдары неге әкеліп соқтыруы мүмкін? Оның қалай алдын алуға болады?
Облыстық байқауға қатысқан жастар осы тақырып төңірегінде әзірлеген еңбектерін паш етті. Біреуі бейнематериал дайындаған, біреуі өз ойын қойылым ретінде жеткізсе, енді біреуі монолог оқыды.
ЖАСМИН ЕЛУБАЙ, байқауға қатысушы, Тимирязев ауданы:
– Буллингке ұшырамас үшін ең алдымен өзімізді танып алуымыз қажет. Барлығымен жақсы қарым-қатынаста болып, интернет желісінде бәрімен тату болу қажет.
АЙНҰР МАХКАМБАЕВА, “Birge Communіty” ҚБ менеджерінің орынбасары:
– Біздің ұйымдастырып отырған іс-шарамыз жасөспірімдерге көмектеседі деген ойдамын. Байқауға 15 команда қатысып жатыр. Оның 2-еуі – қалалық. Қалғандары – ауданнан келгендер.
Мәдина Қаби