Балалар

Өнертапқыш ұл-қыздар

Петропавлда оқушылар арасында ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Барлығы – 40-қа жуық бала қатысты. Жас өнерпаздар негізінен робототехника бойынша жоба қорғады. Мұнда құлтемірдің түр-түрін кездестіруге болады: бірі пультпен басқарылса, екінші ноутбук арқылы қозғалады. Сонымен қатар, дарынды жастар ғылыми мәселелерді талқылап, инновациялық шешімдер ұсынды. Байқауға қатысушы ізденімпаз жас Айша Әділбекова
киттердің жағаға шығып қалу құбылысын зерттеген.

АЙША ӘДІЛБЕКОВА, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Киттер жағаға шыққан соң, олардан көмірқышқыл газы бөлінеді. Ол табиғатқа өте зиян. Біздің аппарат киттің дауысын шығарады. Кейін киттер сол дауыстан шошып, теңізге оралады.

БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры:

– Облыстық байқаудың жеңімпаздары өнір намысын республикалық додада қорғайды.

 

Мәдина Қаби