Қоғам

“Мен бармын”: Петропавлда ит-мысықтардың фотокөрмесі өтті

Мына суреттердегі ит-мысықтардың иесі жоқ. Бірақ, тіршілік иелері далада қаңғып жүрген жоқ. Қазіргі таңда олар жануарлар үйін мекен етуде. Қаладағы “Qyzyljar” креатив орталығында ит-мысықтардың фотокөрмесі өтті. Шараны жергілікті фотографтар Станислав Иванов пен Евгений Некрошевич ұйымдастырған.

ЕКАТЕРИНА КОРОЛЕВА, жануарлар үйінің жетекшісі:

Қазіргі таңда жануарлар үйінде 1090 ит пен 280 мысық бар. Оларға жақсы жағдай жасап жатырмыз. Ит пен мысық бізге тасқын кезінде көп жеткізілді. Со кезде шамамен 400-ге жуығы келді. Ақыры иелері жануарларын әкеткен жоқ.

Фотографтар шара арқылы тұрғындарға иесіз ит-мысықтардан қорықпай, оларға көмектесу керектігін жеткізгісі келген. Жасыратыны жоқ, көп жағдайда жасөспірімдер үй жануарларына қатыгездік көрсетіп жатады. Ұрады, соғады, тіпті арасында жазым қылғандары да бар. Оған осыдан 1 ай бұрын желіде желдей ескен мына бір видео дәлел.

Әдия Хайырбек – қала тұрғыны. Бойжеткен осы сияқты көрмелерге үнемі қатысады. Нәзікжанды аталмыш шарада өзіне ұнаған бір туындыны сатып алғысы келеді. Шағын суреттер 10 мың теңге тұрса, үлкені 15 мың теңгеге бағаланыпты.

ӘДИЯ ХАЙЫРБЕК, қала тұрғыны:

– Жануарларды бала кезімнен жақсы көремін. Әсіресе, иттерді. Себебі, ол – адамның досы.

Көрмеде барлығы – 40-тан астам туынды ортаға қойылды. Аталмыш шара екі аптаға жалғасады. Қайырымдылықтан түскен қаражат иесіз ит-мысықтарға арналған уақытша баспаналарға аударылады.