Құқық қорғау органдары

Болашақ заңгерлер білімдерін сынады

Қозыбаев университетінде оқитын болашақ заңгерлер білімдерін тексерді! 6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби күні. Атаулы датаға орай биыл Петропавлда бірінші рет жастар арасында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Оған 40-қа жуық студент қатысты. Талап қарапайым: жалынды жастар өздерінің мамандықтары бойынша алдын ала әзірленген сұрақтарға жауап берді. Осылайша сынға түсті, білім алмасты. Шара соңында жинаған ұпай негізінде үздіктер анықталды.

АЗАМАТ ЖИКЕЕВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры:

– Университет пен прокуратура арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Осы құжат аясында біз бірлескен шараларды іске асырудамыз. Бүгінгі интеллектуалды ойын соның бірі болып табылады. Заң жолындағы қызметкерлер жастардың білімін толықтырады, мамандыққа деген құлшынысты арттырады. Аса қажет кездесу деп білеміз, алдағы уақытта тағы жүздескіміз келеді.

 

Мәдина Қаби