Қоғам

Тайынша ауданында таза сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 49% құрайды

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы креслоға Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов та жайғасты. Дәстүрге сай баяндама оқылды. Атқамінер жоспармен бөлісті, жыл басынан бері атқарылған істі жіпке тізілді.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ, Тайынша ауданының әкімі:

– Ағымдағы жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2 млрд теңгені құрады. Тайынша қаласында жалпы ауданы 4 200 шаршы метр болатын 50 пәтерлі тұрғын үйдің, Драгомировка ауылындағы мектептің құрылысы аяқталды. Жалпы ауданы 2000 шаршы метр 30 пәтерлі коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде және Келлеровка ауылындағы ФОК құрылысы аяқталуда.

Құрылыс қарқын алған, ауыл шаруашылығы алға басқан, өндірісі өрге жүзген Тайынша ауданында назар аударарлық мәселе жоқ емес. Бүгінде мұндағы таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші небәрі 49% құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын еске алайық. Президент пәрмені бойынша келер жылы пайыз айтарлықтай жоғары болуы тиіс.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ, Тайынша ауданының әкімі:

– Ағымдағы жылы ауылдарда түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар келесі жылы жалғасын табады.

Тайыншадағы тағы бір мәселе – дәрігер тапшылығы. Берік Әлжановтың сөзінше, проблема шешіліп жатыр. Алайда, қашан нүкте қойылатыны белгісіз.

 

Байболат Құлтанов