Қоғам

Дариға Смайылова: Волонтерлік біз үшін өмірдің мәніне айналды

Петропавлда Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында еріктілердің слеті өтті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында 200-ден аса белсенді жастың басы қосылды. Жиында волонтерлер жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылап, сөз жүзінде емес, іс жүзінде белсенділік танытқан жандар марапатталды. Дариға Смайылова – ел алдында жүрген жастардың бірі. Көпке үлгі нәзікжанды ұйымдастырушылық қабілетімен жақсы таныс. Биыл оған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы табыс етілген екен. Жалпы, бүгін 50-ге жуық марапат өз иесін тапты.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, “Ассамблея жастары” РҚБ СҚФ төрағасы:

– Волонтер болғаныма 5 жылдан асты. Волонтерлік біз үшін өмірдің мәніне айналды. Өйткені, біз адамдарға көмектескеннен кейін олардың ризашылығын, батасын алғанда бөленетін сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол – біз үшін зор мәртебе.

 

Данаш Хамза