Қоғам

Ауыл шаруашылығы саласының бірнеше маманы төсбелгімен марапатталды

Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күніне орай “Ауыл” партиясының өкілдері марапаттау шарасын ұйымдастырды.
Биыл өңір диқандары мол өнім алды. Осы ретте әрқайсысының сіңірген еңбегі зор. Бүгін 16 маман марапатталды. Бірқатарына филиал төрағасының Алғыс хаты табыс етілді. Қос қызметкердің кеудесіне “Су шаруашылығының үздігі” төсбелгісі тағылды. Ал білікті механизатор Серік Дүйсенбаев “Ауыл шаруашылығы саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ, “Возвышенка” ШҚ механизаторы, М.Жұмабаев ауданы:

– Мен М.Жұмабаев ауданындағы “Возвышенка” шаруа қожалығында 12 жыл бойы механизатор болып еңбек етемін. Егін егеміз. Биыл мол өнім алдық. Өңірде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Биылғы нәтиже – соның дәлелі. Еңбегімді елеп, марапаттап жатқан ауылдықтарға алғысымды білдіремін.

ҚАЙРАТ ПІШЕНБАЕВ, “Ауыл” партиясы СҚОФ төрағасы:

– Жермен жұмыс істеп жатқан, ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі бағалануы қажет. Олар елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

 

Мәдина Қаби