Қоғам

Жастарға арналған игі шара

Еш жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жастардың бірсыпырасы бос жүр. Көбісі қай жерде қандай жұмыс бар екенін білмей жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары түрлі іс-шаралар өткізуде. Кеше бос орындар жәрмеңкесін өткізсе, бүгін жергілікті университет пен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжге келіп, ондағы студенттерге жұмысқа шақыру жаднамаларын таратты.

АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, қалалық жастар ресурстық орталығының мүшесі:

– Бұл жаднамаларда жастарға арналған барлық мемлекеттік бағдарламалар жайлы жазылған. Барынша қаламыздағы адам көп жүретін жерлерге баруға тырысамыз. Мұндай шараларды жиі өткіземіз. Бүгіннің өзінде 300-ге жуық түсіндіру қағазын тараттық. Біреуі болмасын, біреуіне пайдасы тиеді деген сенімдемін.

 

Нұрасыл Ахмет