Заңның ала жібін аттап, жазасын өтеген уәлихановтық азамат жеке кәсібін ашты. 57 жастағы ер адам 2 жыл бойы жазасын өтеп, жарты жыл бұрын ғана босап шыққан. Қазір Уәлиханов ауданының пробация қызметі бөлімінің есебінде тұр. Ол жақында ғана «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өткен екен. Нәтижесінде өзінің бизнес жоспарын іске асыруға 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алған. Алынған ақшаға қоршау, терезе шпросын және орындық дәнекерлеумен айналысатын кәсіпкерлік құрған. Кәсіпкер сотталғанға дейін 10 жыл бойы металл дәнекерлеумен айналысқан екен.
Мәдина Қаби