Спорт

Каратеден спорт шебері А.Өтеғұлова: Әр нәзікжанды өзін-өзі қорғай білуі қажет

Елімізде нәзікжандылардың жұдырық ала жүгіретін күші басым ер адамға қарсылық көрсете алмай жазым болған жағдайлар бар. Бұл – қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Жыл басынан бері облыста 2 мыңға жуық отбасылық жанжал фактісі тіркелген. Нәтижесінде 470 ер адам темір торға тоғытылса, 55-і әкімшілік жауапкерлікке тартылған. Бұл статистиканы әрі қарай жоғарылатпас үшін өңір полицейлері мен каратеші әйелдер қыз-келіншектерге өзін-өзі қорғаудың қарапайым тәсілдерін көрсетті.

АЯЖАН ӨТЕҒҰЛОВА, каратеден спорт шебері:

– Каратеде, негізі, өзін-өзі қорғау тәсілдері өте көп. Солардың ең қарапайымдарын бүгін үйретуге тырысамыз. Менің ойымша, әрбір әйел өзін-өзі қорғай білуі қажет. Сонымен қатар, спортпен де айналысқандары дұрыс.

 

Мәдина Қаби