Облыс орталығында «AMANAT»партиясының белсенділері «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды. Бұл жолы партия өкілдері жергілікті университеттің аумағындағы көпес Светлицкийдің тарихи ғимаратының ауласын қардан тазартты. Аталған іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Олардың арасында студенттер, партия қызметкерлері және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері болды. Белсенділер берілген аумақты бір сағаттың ішінде тазалап шықты.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы:
– Мұндай шаралар тек тазалықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар, қала тұрғындарының ұйымшылдығын арттыруға ықпал етеді. Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Аталған акцияны алдағы уақытта өңіріміздің түкпір-түкпірінде өткізуді жоспарлап отырмыз.
Мәдина Қаби