Қоғам

Волонтерлер жалғызбасы, мүгедек жанға көмектесті

Любовь Лукьяненко – мүмкіндігі шектеулі жан әрі жалғыз тұрады. Оған көмектесетін жақындары немесе балалары жоқ. Нәзікжандыға қыстыгүні қар күреу қиынға соғады. Сол себепті, ол волонтерлердің көмегіне жүгінеді.

ЛЮБОВЬ ЛУКЬЯНЕНКО, қала тұрғыны:

– Денсаулығыма байланысты барлық жұмысты өзім атқара алмаймын. Қар күреу мен үшін тіпті қиын. Одан бөлек, үйге көмір, отын кіргізу қажет. Осындай сәтте волонтерлерді шақырамын. Олар қарсылық білдірмей келіп тұрады. Өткен жылы да келіп қар күреп кеткен. Кейде үй ішіндегі жұмыстарды әлеуметтік қызметкерлер келіп істейді.

АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, қалалық жастар ресурстық орталығының мүшесі:

– Біз әрқашан осындай жалғызбасты, мүгедек жандардың үйіне барып, қолғабыс етеміз. Жыл он екі ай келіп тұрамыз. Тұрғындар көмегімізге қыста көп жүгінеді.

 

Мәдина Қаби