Петропавлдық полицейлер рейд жүргізіп жүріп ірі көңіл көтеру орындарының бірінде адамдардың түтін будақтатып отырған сәтінің үстінен түскен. Бұл факті бойынша 13 хаттама толтырылды. Бардың әкімшілігі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы – 8 кальян тәркіленіп алынды. Үшкүндік “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы барысында өңірде қоғамдық тамақтану орындарында кальян пайдаланылғаны үшін 30 хаттама толтырылыпты.