– А где мама с папой? Вызывать? Родителей, говорю, вызывайте.
Петропавлда тыныштықты бұзу туралы шағыммен келген полицейлер бір топ баланың ішімдік ішіп отырған сәтінің үстінен түсті. Алтауы емін-еркін арақ сілтеп, сол жерде у-шу шығарған көрінеді. Бір-екеуі тәртіп сақшыларынан балконда жасырынбақшы болған. Алтаудың төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған, екі жасөспірім удай мас болған. Оқиға орнына балалардың ата-аналары шақыртылды. Олар тиісті хаттама толтырды. Жалпы, полицейлер үшкүндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жасөспірімдердің түнде жүруіне қатысты – 48 және қоғамдық орында ішімдік ішу немесе мас күйде жүру бойынша 161 факті анықтады.
ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД ЖПҚБ бастығы:
– Жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдеуге 500-ден астам полиция және ұлттық ұланның қызметкерлері жұмылдырылады. Азаматтардың жаппай болу орындары, оның ішінде жедел басқару орталығының камераларымен бақылау күшейтіледі. Ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексеру жүзеге асырылады. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын адамдарды анықтау ұйымдастырылады. Жол қозғалысын қадағалау күшейтіледі. Саяжайларда, облыс аумағында шетелдіктердің болуын бақылау және бұрын жасалған қылмыстарды ашу қамтамасыз етіледі.
Жалпы, рейд барысында полицейлер есепте тұрған 1 мыңнан астам адам, қараусыз қалған 400-ден астам үй мен 500-ден аса азаматтық қару иесін тексерген. Нәтижесінде 800-ден аса құқықбұзушылық анықталды.
Данаш Хамза