Спорт

Теріскейлік кикбоксшы ел қоржынына жалғыз алтын жүлде салды

Ел қоржынына түскен жалғыз жоғары санатты жүлденің иегері -теріскейлік кикбоксшы! Түркияда кикбоксингтен қарулы күштер арасында І ашық халықаралық ойындар аяқталды. Тұңғыш рет өткен дүбірлі додада 13 елдің 100-ден астам спортшысы бақ сынады. Қазақстанның намысын 11 жігіт қорғады. Отандастарымыз 1 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль еншіледі.

ӘДІЛ НҰРЖАУЫПОВ, кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы:

– Бірінші рет ұйымдастырылған жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан 3 споршы аттанды. 86 кг салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Жақыпов чемпион атанды. Ол ел қоржынына жалғыз алтын жүлде салды. Шәкіртім жақында ғана 2 дүркін Азия чемпионы болғанын қоса кетейін. Сонымен қатар, Түркияда Айбек Төлебаев, Айдар Жүніспаев сынды жерлестеріміз қола жүлдеге қол созды. Құттықтаймыз!

 

Байболат Құлтанов