Облыстық полиция департаментіне қарасты музейде бүгінде 4 мыңнан астам жәдігер бар. Ең көнелері Азаматтық соғыс туралы сыр шертеді. Мұндағы төрт бірдей залдың біреуі Ұлы Отан және Ауған соғыстарына қатысқан ішкі істер органының қызметкерлеріне арналған. Музейде қылмыс орнынан табылған жәдігерлер де бар. 10-нан астамы бүкіл елді дүрліктірген оқидаған сыр шертеді. Қойнауында жергілікті құқық қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, тәртіп сақшыларының жұмысындағы жетістіктері бүге-шүгесіне дейін баяндалып жазылған ведомстволық музейге биыл 35 жыл толып отыр. Осыған орай полиция департаментінде салтанатты шара өтті. Жиын барысында музей ұжымымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан түрлі сала өкілдері марапатталды.
Данаш Хамза