ТЖ

Айыртау ауданында үй иелері үйінде отырып жанып кете жаздады

Көршісі келіп айтпаса, соңы қайғылы аяқталар ма еді? Саумалкөлде анасы мен қызы күндіз үйде отырғанда төбе жанған. Шатырдан будақтаған қара түтінді көршісі көріп қалып, үй иесіне телефон соққан. Үйдегі 73 пен 43 жастағы әйел адамдардың абдырап қалғаны соншалық, шатыр лаулап жатқанда бөлмені іштен құлыптап алып, құтқарушыларды күткен. Абырой болғанда, мамандар дер кезінде келіп, екеуін аман-есен сыртқа алып шықты, өртті де тарап кетуіне жол бермей сөндірген. Өрттің шығу себебі әлі анықталмапты. Облыста сенбі-жексенбіде 4 бірдей өрт оқиғасы тіркелді. Екеуі облыс орталығында болған. Адамның жазым болу жайты тіркелген жоқ.