Облыс орталығында «Масло-Дел Петропавл» серіктестігі май экстракциялық зауытының құрылысын аяқтады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жаңа кәсіпорында жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін болады. Оның өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сонымен қатар, күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылады. Зауытта Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған. Оларды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланып отыр. Жоба құны – 34 млрд теңге.
Байболат Құлтанов