Жаңа қызмет пайдаланушыларға несиелік және сақтандыру тарихын бақылауға, сондай-ақ несиелік қабілеттілікті онлайн бағалауға мүмкіндік береді. “Несиелеу” бөлімінде соңғы бес жылдағы несие тарихы туралы есеп, белсенді міндеттемелер туралы ақпарат және несиелік беделді бағалауға көмектесетін скорингтік балл бар. “Сақтандыру” бөлімінде сақтандыру шарттары мен полистері, соның ішінде автосақтандыруға арналған бонус-малус туралы мәліметтер бар. Қызмет тегін көрсетіледі.
Кіру үшін eGov Mobile-да авторизация, деректерді өңдеуге келісім және тиісті бөлімді таңдау қажет. Сервис МКБ және “ҰАТ”АҚ-мен бірлесіп әзірленді.