Нағыз мықтылардың жарысы. Гуманитарлық-техникалық колледжінде жасөспірімдер арасында гір спортынан ашық турнир өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген 16 команда қатысып жатыр. Барлығы – 130-ға жуық спортшы. Гір көтерушілердің арасында білегі мықты қыздар да бар. Ұл-қыздар 78 келіге дейінгі гірді өз салмағына сәйкес көтереді.
СЕРГЕЙ ГУТЕВИЧ, бас төреші:
– Жасөспірімдер екі құзыреттілік бойынша сынға түседі. Олар: жұлқи және серпе көтеру. Жасөспірімдердің ең ересегі – 2007 жылғылар. 2011 жылы туғандар биыл бірінші рет қатысып жатыр. Спортшылардың арасында мектеп оқушылары ғана емес, колледж студенттері де бар. Жеңіске жеткендер желтоқсан айында ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.
Мәдина Қаби