Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылды “Жұмысшылар жылы” деп жарялаған болатын. Өз сөзінде ол жастарды өндіріс, ауыл шаруашылық бағытқа тарту керектін де айтты. Осыған орай теріскейлік білікті жаттықтырушылардың бірі – талай баланың томағасын сыпырған Сергей Ямполькийдің ойын білдік. Ол жас кезінде зауытта тер төккен. 6 жасынан бастап акробатикамен айналысқан, 40 жыл бойы балаларды грек-рим күресінен жаттықтырып келеді. Өз ісінің жілігін шағып, майын ішкен маман қай кәсіп болмасын, адамның бойында оған деген адалдық пен еңбекқорлық болуы қажет дейді. Сонда жұмысыңның жемісін көресің.
СЕРГЕЙ ЯМПОЛЬСКИЙ, облыстық олимпиадалық резерв дайындау орталығының аға жаттықтырушысы:
– Жастарға айтарым, еңбектеніп, тер төгуден қашпаңдар. Тынбай еңбек етпей биік белеске жете алмайсың. Мен өзім бірнеше бағытта жұмыс істеп көрдім. Бірақ, жаныма жақыны осы грек-рим күресі болды. Еңбекқорлық пен табандылықтың арқасында спорттың осы саласында талай жетістікке жеттім, талай шәкірт тәрбиеледім.
Мәдина Қаби